Астана үйлеріндегі мансардалар рұқсат құжаттарынсыз салынуда

С. Хорошунның ақпараты бойынша, Астанада құрылысы 2005-2006 жылы басталған 50 шақты мансардалы үй бар. Бұл нысандар жобалық-қаржылық құжаттарсыз бой көтере бастады. Қорытындысында, мансардалық пәтер иелері, өз баспаналарын жариялай алмай отыр. Сондай-ақ, 50 үйдің 18-інде мансарда құрылысы әлі аяқталмаған.

"50 мансардалық үйден 500 пәтері бар 18 үйдің мәселесі біздер үшін әсіресе ушығып тұр. Бұл құрылыс нысандарын аяқтау үшін қаржы бөлу туралы арнайы шешем шығарылды", - деді С. Хорошун. Ол түсіндіргеніндей, "бөлінетін қаржы үйдің сыртын өңдеу мен шатырын жабу үшін жұмсалады". Бөлінген ақша қайтарылатын болады. Ал ішкі жұмыстар үшін қаржы бөлінбейді.

Баяндаушының пікірінше, алдағы 2-3 айда мансардалық үйлер мәселесі толық шешімін табады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті