"Сейсенбіде біз Астанада жиналып, біздің құраманың болашағын, оның құрамын, оған қандай сайыскерлер қатысатындығын шешеміз",- деп хабарлады Н. Проскурин. Ол "құраманың өзінде де, басшылықта да өзгерістер болуы мүмкін, өйткені, құрама менеджерлері аталған сан қырлы мәселелермен айналысу қажеттігі туған сәтте олар керісінше шеттеп қалды",- деді. "Оның себебі бізге түсініксіз",- деп қосты ол.
Федерацияның вице-президентінің айтуынша, "құрама бұрынғыдай жұмыс істей береді, оны ешкім де жапқалы жатқан жоқ", деп нақталып өтті. "Бізде жарыс жоспары, кестесі, қандай сайыскердің қандай жарысқа қатысатындығы туралы жоспар бар және оны біз құпиялап отырған жоқпыз",- деп түсіндірді ол.