"Астана" велоклубының шабандозы "Австрия турының" жеңімпазы атанды


Мәселен, екінші орын алған чехиялық спортшы Леопольд Кениг («Team NetApp») жеңімпаздан 2,28, ал үздік үштікті түйіндеген испандық Карлос Састре («Geox-TMC») 3,05 секунд артта қалып қойды. Онда Фредрик Кессякоффтың командалас серіктерінен қазақстандық Андрей Мизуров ондықты түйіндеді. Ал испаниялық Хосеп Хуре 20-шы, эстониялық Танел Кангерт 25-ші, австралиялық Симон Кларк 41-ші және қазақстандық Евгений Непомнящий 58-ші, Роман Киреев 101-ші орынға табан тіреді.