Онда 5-кезеңде де мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен «Sky Procycling» командасының спортшысы Бредли Виггинс жарыстың жалпы қорытындысында да 18:05:40 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды.
«Астана» командасының спортшыларынан 5-кезеңді бесінші болып аяқтаған Роман Кройцигер алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның командалас серіктерінен Яни Брайкович - тоғызыншы, Паоло Тиралонго - он сегізінші, Кевин Зельдреерс - қырық бесінші, Андрей Кашечкин -алпыс екінші, Евгений Петров алпыс төртінші, Андрей Гривко - сексен бірінші, Фредрик Кессякофф - сексен сегізінші орындарға ие болды.