Astana велокомандасы 2015 жылы әлемдік турға қатысу жөніндегі лицензиясын сақтап қалды


бұл лицензия оған халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлады UCI баспасөз қызметінен.
"Лицензиялары сақталды. Велокоманданың ісін қарау тоқтатылды. Бірақ Лозанна университетінің (ISSUL)" спорт ғылымдары институтының баяндамалары негізінде командаға тұрақты мониторинг жүргізіледі”, делінген хабарламада.
Егер команда қандай да бір шарттарды бұзатын болса, іс қайта қаралмақ.
Алдында белгілі болғандай, команда мүшелері ағайынды Максим мен Валентин Иглинскийлердің допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен. Допинг кезінде континентальды команда Astana Continental Team мүшелері Виктор Окишев, Илья Давиденок және Артур Федосеев те ұсталып қалған еді.