«Астана» құрамасы бұл жарыста тұңғыш рет жеңіске жетіп отыр, деп хабарлайды Қазақстан Велоспорт федерациясы.
«Э.Гаспаротто жеңіске оңай жеткен жоқ. Биыл Amstel Gold Race жарысына әлемнің Дамиано Кунего, Самуэль Санчес және жарыстың екі дүркін жеңімпазы әрі қазіргі чемпион Филипп Жильбер сынды шабандоздармен сайысқа түсті», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Нидерланд корольдігі аумағында 1966 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Amstеl Gold Race сайысы аса беделді спорт додасы болып саналады. Оған әлемнің үздік спортшылары қатысады. Маастрихт пен Валкенбург қалалары арасындағы қашықтық 260 шақырым, онда 32 өрлеу орналасқан.