Министрдің түсіндіруінше, бұл құраманы ұстауға жылына $16 - $17 млн жұмсалады. Құраманың тең жартысы қазақстандық спортшылардан тұрады, "олардың "Тур де Франс" сайыстарында жеңіске жетуге барлық мүмкіндіктері бар".
"Дегенмен, жағдай айтарлықтай емес. Бұл мәселе бойынша Даниал Ахметов үкімет басшысы болып тұрғанда құрамаға еліміздің барлық ірі компаниялары демеушілік жасайтын. Қазір олай емес", - деді Т. Досмұамбетов.
"Бұл мәселені мемлекет басшыс шешті... Бүгінгі күні қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Құраманы ұстау керек, ол - мемлекетіміздің беделі", - деді министр.
Еске сала кетейік, велоқұраманы қаржыландыру мәселесі тоқтатылуға байланысты Қазақстандық спортшылар "Тур де Франс" жарысына қатыса алмай қала жаздаған.