Ақтық 5-турда мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Францияның «Еврокап» командасының спортшысы Иохан Гене негізгі жіктелімде сегізінші орын алды. Екінші болып келген «Астана» командасының спортшысы Руслан Тілеубаев - жетінші, үшінші болған Эритерия ұлттық құрамасының шабандозы Фригалси Абрха - алтыншы орынды қанағат тұтты.
Ал оныншы орын алған Иохан Гененің отандасы Антони Шартеу 12:40:43 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Одан 8 секунд қалып қойған Эритерияның «MTN-Qhubeka» командасының шабандозы Меран Руссан - екінші, ал көшбасшыдан 15 секунд кешіккен Қазақстанның «Астана» командасының жүйрігі Никита Өмірбеков үздік үштікті түйіндеді.