«Астана» велошабандозы Нибали «Джиро дИталия» турниріне қатыспайтын болды


 Бұл туралы «Астана» клубының менеджері Александр Винокуров мәлім етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзіне қарағанда, команданың ағымдағы жылғы мақсаты - «Тур де Франс» болмақ. Сондықтан Нибалидің күшін ең беделді турға сақтауға тура келеді.

«Біз «Тур де Франстың» сары жейдесін жеңіп алғымыз келеді.Дегенмен «Джиро» турнирінде де біздің команда сапы мықты болады. Онда Микеле Скарпони мен Фабио Ару барады. Соңғысы ең үздік жас шабандозға берілетін ақ жейдені ұтып алады деген үміттеміз», - деп атап өтті А.Винокуров.
Еске сала кетейік, 2013 жылы Нибали «Джиро д'Италия» мен «Тиррено - Адриатико» көпкүндіктерін жеңіп алған болатын. Сонымен қатар 2010 жылы Испанияда «Вуэльта» суперкөпкүндігінің жеңімпазы атанды.