«Астана» велошабондозы Ланда «Джиро дель Трентиноның» соңғы кезеңінде жеңіске жетті

Осы бәсекенің соңғы кезеңінде  Astana Pro Team командасының велошабондозы Микель Ланда ұтты,  деп хабарлайды  Astanafans.com.

Көпкүндік жарыстың төртінші және қорытынды кезеңі ұзындығы 175 шақырымдық Валь Даоне мен Монте Бондоне пункттері аралығында өтті.

Ланда  мәре сызығын бірінші болып қиды. Жалпы есеп бойынша жеңіс Кадел Эванстың (Racing Team) еншісінде. Одан кейін итальяндық Домеников Поццовиво (AG2R La Mondiale) орналасты. Үштікті Нимиц түйіндеді.