Астана вокзалына «мина қойылды» деген жалған ақпар салдарынан 300-ден астам адам эвакуацияланды

Хабарламаға сүйенсек, 9-қаңтар күні түнгі сағат 23:11-де «102» пультіне белгісіз біреу телефон шалып, «темір жол вокзалына бомба қойылғанын» жеткізген.

«Барлық шұғыл әрекет ету қызметі, Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының жеке құрамы іске кірісті. Астана қаласының Көліктегі ішкі істер департаменті, ҰҚК, ТЖ ведомствосы, прокуратура мен жедел жәрдем қызметкерлері вокзалға жетті. Ғимарат қоршалып 200 жолаушы мен 15 0 қызмет көрсетуші персонал эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Вокзалды тексеріп шыққан мамандар ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ.
Жарылғыш зат орнатылды деп дүйім елді дүрбелеңге салған адамның аты-жөні анықталып жатыр.