«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының «А» тобындағы командалардың үштігіне енді

Еске салайық, қазақстандық команда жарыстың басында Литваның «Летувос Ритас» және Украинаның «Азовмашын» жеңіп, ресейлік «Химкилерден» ұтылып қалды. Үштіктер тобын Мәскеу түбіндегі дәл осы клуб бастап тұр, олардың ізін ала жеңіліссіз питерлік «Спартак» келе жатыр. Кеше қызылды-ақтар Қазаннан келген УНИКС бәсекелестерін 52:51 есебімен ұтты.

Келесі орында екі жеңісі мен бір жеңілісі бар астаналық клуб тұр. Қазақстандықтардан кейін УНИКС, «Донецк» (Украина), «Калев» (Латвия) және «Красные крылья» (Ресей) келеді.

Атап өтейік, «Астана» аталған соңғылармен өзінің келесі жарысының ойынында, 22 қазан күні кездеседі. Ойын Самара қаласында өтеді.