Астана және Ақмола облысында ескерту жарияланды


Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. 

28 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 25 метрге жетеді деп күтілуде. 29 қыркүйек күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, ал екпіні 25 м/с. 28 қыркүйекте Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.