Астана және Қарағандыда AStudio тобы концерт қояды

Биыл 25-ке толған топ өз мерейтойын Кремльде үлкен концертпен атап өтіп, Ресей қалалары мен таяу шетелге гастрольдік сапарына аттанды.

«Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығының хабарлауынша, Қазақстанда AStudio 10 қазанда Астанаға және 11 қазанда Қарағандыға барады. Топ көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған ескі хиттері мен соңғы альбомындағы жаңа әндерін орындайды.