Астана жастары тарихи және мәдени ескерткіштердің маңын ретке келтірмек

11 сәуірде экологиялық айлық аясында астанада «Ескерткіштер ел тарихы» атты жастар акциясы басталады. Оның аясында мектеп оқушылары, студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері қаладағы ескерткіштер маңын ретке келтіріп, айналасын тазаламақ.

Акцияны өткізу уақыты мен орны:

11 сәуір сағат 15.00-де -  Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңы (Жеңіс даңғылы бойынша);

12 сәуір сағат 10.00-де - Бауыржан Момышұлы ескерткішінің маңы  (13-ші магистраль бойынша);

12 сәуір сағат 11.00-де - Абай Құнанбаев ескерткішінің маңы (Абай даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысы);

12 сәуір сағат 11.00-де -  А.Пушкин ескерткішінің маңы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ауданында);


19 сәуір сағат 10.00-де - М.Ататүрік ескерткішінің маңы  (Ж. Тәшенов көшесі, 8);

19 сәуір сағат 10.00-де -  Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткішінің маңы  («Думан» қонақүй кешенінің алдындағы алаң).

Астана билігі қалалықтарды елорда аумағын абаттандыруға, көріктендіруге қатысып, әлеуметтік белсенділік танытуға шақырады.

Қазіргі уақытта Астанада тарихи және мәдени 78 ескерткіш бар.