"Бүгін біз Елорданың 2-ші жылу электр орталығында 6-шы қазаншұңқыр іске қосып отырмыз. Бұл Астана тұрғындарын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің тұрақтылығын нығайтып, сенімділігін арттырады", - деді Ғабдолла Жақыпов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш қазаншұңқыр Астанаға қосымша 210 Гкал/сағат жылу мен 40-50 МВт электр қуатын береді. "Ендігәрі Астаналық 2-ші жылу электр орталығының жалпы жылу қуаты 965 гигакалорияны, ал электр қуаты 350 МВт-ты құрап отыр", - деп түсіндірді "АстанаЭнерго" АҚ бас директоры.
Оның есептеулеріне сүйенсек, сонымен, Астананың екі жылу электр орталығының беретін жалпы жылу қуаты 1114 Гкал/сағатты, электр қуаты 365 МВт-ты құрайды. Ғабдолла Жақыпов: "жаңа қазаншұңқырдың пайдалануға берілуімен 2008-2009 жылдардағы жылу маусымындағы Астананың жылуға деген қажетін 100 пайыз жабамыз", - деп атап көрсетті. "Электр энергиясын біз қосымша сатып алуымыз қажет. Бірақ, біз қазір сыртқы көздерден 100 - 115 МВт-ты сатып алып отырсақ, станциялар қуатының 50 МВт-қа артуы есебінен жоғарыдағы кезең аралығында 70-80 МВт сатып алатын боламыз", - деді ол.
Осыған байланысты "АстанаЭнерго" АҚ бас директоры Елорданың электр энергетикасы нарығында мұндай жағдай алдағы жылдары, 2-ші жылу электр орталығында 5-ші турбина мен 7-ші, 8-ші қазандар іске қосылғанға дейін сақталатындығын еске салды. "Астананың энергетика саласын дамыту жоспарына сай, 5-ші турбинаны іске қосу 2010 жылға жоспарланып отыр. Сол жылы станциядағы 7-ші қазаншұңқырды да пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп толықтырды Ғ. Жақыпов.