Аталмыш пойыз жазғы маусымда аптасына екі мәрте - Астанадан сейсенбі мен сенбі күндері 3 маусым мен 30 тамыз аралығында аттанып, Адлерге жұма-сейсенбі күндері 6 маусым мен 2 қыркүйек аралығында келеді.
Адлерден сенбі және сәрсенбі күндері 7 маусым мен 3 қыркүйек аралығында жүріп, Астанаға сейсенбі мен сенбі күндері 10 маусым мен 6 қыркүйек аралығында келеді. Құрамы ауысымсыз «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» вагондары да бар.
«Айта кетер жайт, жазғы маусымда қосымша пойыздарды жіберу - «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол қызметтерін көрсетудің сапасын арттыру аясында атқарып жатқан маңызды бағыттардың бірі», - делінген компания ақпаратында.