Астана-Алматы әуе бағытының жолаушысы қалжыңы үшін қылмыстық іс фигурантына айналды


"29 сәуір күні сағат 16:50-де Астана әуежайында Астана-Алматы бағытындағы ұшаққа тексеруден өту кезінде 49 жастағы Алматы тұрғыны қол жүгінде не бар екені туралы сұраққа, сөмкемде граната бар деп жауап берген», - деп баспасөз қызметінің бүгінгі ақпаратында мәлімдеген.
Астана әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға бірден жеке тінту жүргізіп, қауіпті ештеңе таппаған.
Ер кісі қалжыңдағанын айтқан.
Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (әдейі жалған мәлімет тарату) сотқа дейінгі тексеру тізіміне енгізілді.
Ұсталған азаматқа қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тексеру жүргізілуде.