«Астана-Ақтөбе» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызы бір рейске өз қатынасын тоқтатады

Осы рейске билет сатып алған жолаушыларға теміржол билетінің 100 пайыздық құны қайтарылады, немесе сәйкес пойыз маршруттары ұсынылады.

Мәселен, Астанадан Ақтөбеге баруға ниет білдірген жолаушылар 10 қыркүйек күні сағат 18.35-те №57 «Астана-Орал» жолаушылар пойызымен Астана станциясынан Ақтөбе станциясына дейін бара алады (Ақтөбеге 12.09.2013 жылы 00 сағат 42 минутта жетеді).


Ақтөбеден жолаушылар 11 қыркүйек күні 9 сағат 48 минутта Ақтөбе станциясынан Астана станциясына дейін №58 «Орал-Астана» пойызына отырып, Астанаға 12.09.2013 жылы 14 сағат 17 минутта жете алады.