Бұл туралы осы елдің Қазақстандағы елшісі Эсенғұл Өмірәлиев мәлім етті.
«Біз қазір «Қазақстан темір жолы» компаниясымен Астана-Бішкек бағытына қатынайтын тікелей жүрдек пойыз ашу жөніндегі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл адамдардың еш жерге тоқтамай, Бішкекке тікелей жетіп, сол жерде Ыстық Көлге аттанып кетуіне мүмкіндік береді», - деді ол дүйсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, иAir Astana компаниясымен Астана-Тамшы (Ыстық Көлдегі курортты ауыл) ауылы арасында чартерлік рейс ашу жөнінде келіссө жүріп жатыр.