Астана-Бішкек бағытындағы ұшақ елорда әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды


ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, әуеге көтерілгеннен кейін аталмыш ұшақтың салонды салқындатқыш жүйесі істен шыққан.

Нәтижесінде экипаж әуежай айлағына шұғыл түрде қонуға бет алды. Ұшақ Астана әуежайына сағат 09.36-да қонды. Ведомствоның ресми өкілінің хабарлауынша, ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерінің өміріне ешқандай қауіп болған жоқ. Қазіргі уақытта арнайы мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.