Астанада 1 кг астам героин табылып тәркіленді

"Ағымдағы жылдың 22 ақпанында "Астана- есірткісіз қала" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері екі аптаға созылған іс-шараны аяқтап, оның аясында есірткілік заттарды тасымалдаумен айналысқан Жамбыл облысының Қаратау қаласының тұрғынын құрықтады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тараздық есірткі тасушыны ұстау шарасы Астананың автовокзалында өткізілді. "Азық-түлік өнімдерінің ішіне 1 килограмм героин жасырылыпты. Ол Елордасында сату үшін әкеліген", -деп нақтылайды комитеттегілер.