Астанада 11 сәуірде жас орындаушылардың «Жас қанат» байқауы ашылады

Биылғы жылы оған жас орындаушылардан 100-ден астам  өтінім түсті. Олардың 14-і ғана іріктеу турының барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті.

Жас өнерпаздар қазақ, орыс, ағылшын, итальян, қырғыз, серб және француз тілдерінде ән шырқайды.

Байқауды ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» агенттігі, «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің дирекциясы және Астана қаласының мәдениет басқармасы.