Астанада 1-11 сынып оқушылары мен 1,2 колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді


«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ауа температурасы түнде -10;-12°C болса, күндіз -5;-7°C болады. Желдің жылдамдығы 17-25 м/с, қар жауады, боран.

Еске салайық, 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус болғанда; ал 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-2 курс)  үшін - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.