Астанада 18-19 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді

СІМ өкілінің хабарлауынша, аталған іс-шараға 26 әлемдік діни ұйымдардан 40-шақты дінбасылардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Отырыс барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің тақырыбы және күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылап; Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің қорытынды құжаттарын анықтау және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру жайын қарастырып; съез хатшылығының VII отырысын өткізетін орын мен уақытын анықтайды; Сондай-ақ, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысының хаттамасы қабылданады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті