Астанада 20 миллион теңгені пайызымен қайтарамын деп алдап кеткен жігіт ұсталды

Таныстығын медеу етіп, ол таныс қызынан 20 миллион теңгені алып, пайызымен қайтарып беремін деп ізім-ғайып жоқ болып кеткен. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды. 

Дәурен Пернебаевтың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: (7172) 79-05-61, ұялы тел. 8-708-110-79-37 немесе 102.