Астанада 2009 жылы ЭКОСАИ елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары ұйымдарының ассамблеясы өтеді

"Отырыста стратегиялық мақсаттарға орай Есеп комитеті ЭКОСАИ ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлескен бақылау-талдау шараларын өткізу, олардың жұмыс тәжірибелерін пайдалану жолымен мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша әрі қарай да жұмыс істей беретіні атап көрсетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ЭКОСАИ - экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының ұйымы болып табылады. Оған Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пакистан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан елдері мүше. 2007 жылдың қазан айында ҚР Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев ЭКОСАИ басқармасының президенті болып сайланған болатын.