"Атап айтсақ, алдағы 3 жылда Астанада 60 балабақша, 31 жалпы білім беретін мектеп, 3 кәсіптік-техникалық мектеп салу жоспарланған", -деді әкім.
2008-2010 жылдарда бұған қоса Елордасында 40 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде республикалық диагностикалық орталық, жедел жәрдем ҒЗИ, нейрохирургия ғылыми орталығы, кардиохирургиялық орталық пен 3 амбулаториялық-емхана кешені салынады.
"Келесі жылы Астанада жаңа киноконцерт залы, жаңа Конгресс-Холл, велотрек, теннис корты мен 30 мың көрерменге есептелген жабық стадион ашылады", - деді әкім.
Ағымдағы жылы Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп, 3 балабақша, 4 ірі амбулаториялық-емхана кешені, Ана мен бала орталығы, балалардың реабилитациялық орталығы, сондай-ақ, бірнеше мәдени нысан, соның ішінде Ақмол ауылында саяси нәубет және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені, "Астана жұлдызы" монументі, "Халықтар Достығы" монументі мен Бөгенбай батыр ескерткіші ашылды.