Оның ақпараты бойынша өткен жылы 1 млн 852 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 40% шаршы метр баспана мүлікті жария ету кезеңінде рәсімделіп, Астананың жалпы тұрғын үй көлемін 10 млн шаршы метрге жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні Астананың әрбір тұрғынына 17 шаршы метр баспана келіп отыр.
А. Рахымбаев айтқанындай, бүгінгі кезде жылжымайтын мүлік нарығында 103 құрылыс компаниясы жұмыс істеуде. "Компаниялардың қызметіне қатысты жасалған сапалы сараптық қорытындыларға қарап 2008 жылы Астананың жылжымайтын мүлік нарығында белсенді түрде жұмыс істейтін әрі қаржылық мүмкіндігі жоғары және нарықтағы үлестің 25 пайызына иелік жасайтын компаниялардың 11% ғана қалады деген тұжырым жасауға болады " -деп атап өтті құрылысшылар қауымдастығының басшысы.
Оның сөздері бойынша бүгінгі күннің өзінде құрылыс компаниялардың 41 % "сенімсіз компаниялар" деп атауға болады. "Олар үкіметтің қаржылық көмек көрсету тізіміне кіргізілмеді және олардың нысандарында көптен бері құрылыс жұмыстары жүргізілмей отыр. Сондай-ақ, олардың құрылыс жұмыстары баяу жылдамдықтармен жасалуда ", - деп түсіндірді А. Рахымбаев.
Сонымен қатар "компаниялардың 48% белгілі бір тәжірибелері бар, алайда қазіргі уақытта оларда пәтерлердің сатылымы тежеліп,үлкен қаржылық қиыншылықтар пайда болды. Біз оларды "белсенді емес" топқа жатқызу туралы шешім шығардық ", - деп хабарлады ол.
Қауымдастық басшысының пікірінше, алдағы уақытта жылжымайтын мүлік нарығындағы құрылыс компаниялардың саны Астанада 2,5 есеге қысқарады.
ҚҚҚ мәліметтері бойынша бүгінгі күні Астана құрылысшылары 50 мың пәтерді тұрғызып, оның 26 мыңын сатты. Енді сауда саттыққа тағы да 24 мың пәтер ұсынылады.
"Сенімсіз компаниялармен " салынып жатқан 16 мың пәтер алдағы жылдары салынуы күмәнді, бәлкім олар салынбаған күйінде қалуы ықтимал. "Олардың мәселесін шешу үшін үлесшілер басқа жаққа ауыстырылады немесе мемлекеттік қатысуымен шешіледі. Ондай баспана нысандары тек 5 пайызға ғана тұрғызылған", - деп түсіндірді А. Рахымбаев.
Ол атап өткеніндей, "белсенді емес компаниялардың 23 мың пәтер құрылыстарын тапсыру уақыты ұзартылады. Бұл топқа жататын компаниялар жақын уақытта белсенді компаниялар қатарына қосылуы екі талай ". Құрылысы сапалы жасалған 15 мың пәтердің 2,5-4 мыңы биылғы жылы нарықта сатылуы мүмкін.
ҚҚҚ басшысының пікірі бойынша жыл соңына дейін белсенді құрылыс компанияларымен ұсынылатын сапалы пәтерлер қалмайды. Пәтерлерді сату бойынша ұсыныстардың басым бөлігі белсенді емес компанияларға тиесілі болады.Олардың жалпы көлемі 3,-4,5 мың пәтерді құрайды.
ҚР үкіметінің бағдарламасына сәйкес жалға берілетін баспана қорын құру үшін және әлеуметтік азаматтар тобын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы қала әкімдігі тарапынан 6 мың пәтер сатып алынады. Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында ұлттық компаниялар 2 мың пәтерді сатып алатын ниеттері бар.
ҚҚҚ ақпараты бойынша 2008 жылы сатылатын пәтерлер саны 10,5-12 мыңға жетеді. Өткен жылы 11,5 мың пәтер, ал 2006 жылы 17,9 мың пәтер сатылды.
Статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі кезде Астанада 602 мың адам тіркелген. 2000 жылдан бастап тұрғындар саны 221 мыңға ұлғайды. Былтырғы жылы тұрғындар санының өсімі 4,8 пайызды құрады.
Астананың даму бюджеті 2008 жылы 125 млрд теңгені құрайды.