Астанада 244 мың сайлаушы тіркелген - қалалық әкімшілік

"Тұтастай алғанда мекен-жай бюросының базасынан 18 жасқа жетпеген азаматтар мен екі жерде тіркелген азаматтарды шығару арқылы біз 244 мың адамнан құралған сайлаушылар тізімін жасадық", - деді А. Орсариев.

"Статистикаға сәйкес Астанада 500 мың адам тұрады. Сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толмаған азаматтар мен Елордасында тіркелмеген азаматтар енгізілген жоқ", - деді ол.

"Егер адам сайлаушылар тізімінде жоқ болып шықса, онда сайлау күні өзінің тіркеуде тұрғандығын растайтынчқұжат ретінде үй кітабын әкелуге тиіс", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті