автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу аясында су құбырын, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы бөлікте жылу трассасын қайта салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Тиісті жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау көзделген.
Биыл 25 шақырым жол бөлігі жөнделмек:
- Тілендиев даңғылы Күмісбеков көшесінен көлік орамына дейін;
- Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін;
- Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін;
- Қарасай батыр көшесі;
- Шевченко көшесі;
- Ш. Жиенқұлова көшесін (Фурманов көшесі) көпірден Бейсекбаева көшесіне дейін;
- Гете көшесі;
- Жаңақоныс көшесі;
- Жансүгіров көшесі;
- Мүсірепов көшесі;
- Дулатов көшесі Бәйсейітова көшесінен Аспара көшесіне дейін;
- Брусиловский көшесі Абай көшесінен тұйық көшеге дейін;
- Ташенов көшесі Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін;
- № 15 көше Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін;
- Бурабай көшесі Қобыланды батыр көшесінен КТК дейін;
- Оқжетпес тұйық көшесі;
- Қарағандылық көшесі;
- Көкжиек көшесі (Көктал-1 ТА);
- Жиенбет Жырау көшесі «Мисон» ТК өтетін жол (Шұбар ТА);
- Игілік көшесі (Өндіріс);
- Заречный ТА, Еңбекшілер көшесіндегі № 14 тұйық көше.