Астанада 25 жастағы азаматты көлікке бола өлтірген

«2016 жылдың 4 сәуірінде сағат 09:00 шамасында Астана қалалық ІІД ЖБО-ға Сарыкөл көшесіндегі үйлердің бірінің жанында ер адамның мүрдесі табылғаны туралы  хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тергеу-жедел тобы ер адамның денесінен зорлықпен өлтірілу белгілерін анықтады. Оған көптеген пышақ жарақаттары салынған», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Криминалдық полиция қызметкерлері тәулік бойы жүргізген жедел-іздеу шаралар кешенінің нәтижесінде «Шанхай» базарының аумағында сол жерден қалааралық автобусқа мініп кетпек болған күдікті үш ер адамды ұстады.  Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.