Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2023 жылғы 27 қарашада сағат 20.00-де Damubala.kz платформасында балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталатынын мәлім етті", - , деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (4500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.