Астанада 2768 адамға тұмауға қарсы вакцина егілді - әкімшілік

Жергілікті бюджеттің бөлген қаржысына 7200 доза вакцина сатып алынған. Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинамен тек "тәуекел тобындағы" балалар ғана қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі астананың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, тегін вакцина тек аумақтық емханалардың есебінде тұрған, таныс алу жолдары ауырған балалар мен балалар үйіндегі, арнаулы мектеп-интернаттардағы балаларға ғана беріледі.

Департаменттегілердің хабарлауынша, сонымен қатар, жергілікті бюджет қаржысы есебінен алынған вакцинамен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің контингенті қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар департаменттегілер тұмауға қарсы иммунизация міндетті профилактикалық екпе жұмыстарының ұлттық күнтізбесіне кірмейтіндігін еске сала кетті, сондықтан да басқа санаттағы азаматтар үшін вакцина сатып алуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Департамент тұмаудың асқынуына жол бермеу үшін тұрғындардың барлығына Астанада жұмыс істейтін 14 кабинеттердің бірінен қазан-қараша айларында вакцина егу процедурасын өтуге кеңес береді.

Өткен аптада Астанада тұмауға шалдығу оқиғалары тіркелген жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті