Еуропалық Одақ делегациясының құрамында ГФР сыртқы істер министрі (2007 жылдың бірінші жартысында ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) Франк-Вальтер Штайнмайер, Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель, Ресейдегі Португалия Елшісі Мануэль Курту (2007 жылдың 2-ші жарты жылдыққа ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) бар.
Орталық Азия елдерінен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Өзбекстаннан - Владимир Норов, Тәжікстаннан - Хамрохон Зәріпов, Қырғызстаннан - Эднан Қарабаев, және Түрікментстаның сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев қатысады.
"Кездесудің бас тақырыбы Еуропалық Одақта Германияның төрағалық етуімен әзірленіп жатқан 2007-2013 жылдарға арналған Орталық Азия бойынша стратегиясы және оған байланысты өңір мемлекеттерінің үміттері", деді Е.Ашықбаев.
Кездесудің қорытындысы бойынша кеңеске қатысушыларды Елбасы қабылдайды деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті