Caravan Logo

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажайды" биледі

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажайды" биледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астананың 3 мыңнан астам оқушысы бір мезгілде қазақ халқының "Қамажай" биін орындады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. 

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажай" биін биледі

© Photo : Акимат Астаны

Ұлттық киім күніне арналған флешмоб "Наурызнама" онкүндігі аясында "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешенінде өтті.

"Қамажай" - қазақтың ең танымал халық билерінің бірі. Би арқылы бойдағы бар болмысты, мінезді, көңіл-күйді көрсетуге болады. Ал мұндай ауқымды шарада өнер көрсету мәдениетімізді ұлықтаудың әдемі көрінісі. Қыздар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, біз олардың жұмысын мақтан тұтамыз", – деді "ШАШУ" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Рахат Тәуіржан.

Флешмоб ерекше жарқын сәтпен аяқталды. Бишілерге көрермендер қосылып, әуен ырғағымен бірдей қимыл жасады. Олар іс-қимылдары арқылы әдемі қызғалдақ гүлін еске салды.

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажай" биін биледі

© Photo : Акимат Астаны

Сондай-ақ, іс-шара аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, онда Астана қаласының колледж студенттері дәстүрлі қазақ киімдерін көрсетті.