Астанада 3 жасар қызды өлтірген күдікті ретінде бір жасөспірім ұсталды

А.Чепурнойдың айтуынша, ұсталған 9-сынып оқушысы аталмыш қылмысты мойындады.

20-тамыз күні Астана қалалық ішкі істер департаменті Алматы бөліміне бір жұп балаларының жоғалғанын хабарлаған. 21-тамыз күні таңертең қыздың мәйіті бір жеке меншік үйдің бақшасынан буындыру және зорлық белгілерімен табылған. Сол маңдағы үйлерді жаппай аралып шыққан тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні қолға түсірді. Ол жәбірленуші қыздың үйімен көршілес үйде тұрған.
Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. А.Чепурнойдың айтуынша, тергеу барысында бірқатар сараптамалар, соның ішінде сот-психиатриялық сараптама да жүргізіледі.