Астанада 3 жігітті өлімші етіп сабап тастаған бұзақыларға сот үкім кесті


Судья қолына кастет киіп қарсыластарын оңдырмай ұрған Мирас Мамбинді шартты мерзімге кесіп, 3 жылға құқығын шектеді. Енді төбелесқұмар жігіт түнгі 10-нан кейін үйінен аттап басып шыға алмайды. Ал Мәмбиннің екі досы соттан тіпті сүттен ақ, судан таза болып шықты. Өздерін асқан қатігездікпен тепкілесе де, жәбірленушілер оларды кешіріп, өзара келісімге келген. Былтыр қарашада араққа сылқия тойып алғандар өздерімен кафеде сөзге келген жігіттерді  сабап тастаған-ды. Айта кетсек, алғашында прокурор тентектерді 5 жылға абақтыға жабуды сұраған болатын.