Астанада -33 градустық аяз болмақ


"Қазгидрометтің" хабарлауынша, арктикалық ауа ағынының әсерінен дүйсенбі және сейсенбі күндері Елордадағы ауа температурасы минус 30-33 градусқа дейін төмендейді. Оның үстіне, оңтүстік-батыстан соққан екпінді желдің жылдамдығы 25-30 метр секундқа дейін жетпек. Соған байланысты қалада мектеп оқушылары мен студенттер үшін сабақ уақытша тоқтылуы да мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, ауа райының күрт суытуы еліміздің батыс өңірлерінде де байқалмақ. Мұнда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.