Астанада 400-ге жуық жаңа кәсіпорын ашылды

Тіркелген субъектілердің басым бөлігі Алматы (51,3%) және «Сарыарқа» (28,6%) аудандарында орналасқан. Есіл ауданының үлес салмағы 20,1% құрайды.

Жаңадан тіркелген заңды тұлғалардың 385-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бұдан басқа, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың ішінде 9 қоғамдық бірлестік пен қор, 3 мекеме, 2 тұтынушылық кооператив бар. Тіркелген 40 кәсіпорын мен ұйым жойылды. Оның 31-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік, үшеуі мекеме, 3-і тұтынушылық кооператив, 1-і мемлекеттік кәсіпорын.

Айта кетейік, тамыз айында тіркелген басшылардың ішінде 277-сі ер, 125-сі әйел. Ал жойылған кәсіпорындардың ішінде аталған мерзімде ерлер саны 32, әйелдер 8-ін құрады.