Астанада 4-5 қыркүйекте "Ғаламдық қатер - энергетикалық шешімдер" атты KazEnergy қауымдастығының үшінші Еуразиялық энергетикалық форумы өтпек

KazEnergy ақпаратына сүйенсек, Еуразиялық энергетикалық форум жоғарғы үкіметтік және бизнес деңгейде өткізіледі. Форумға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов, салалық министрліктердің басшылары, сондай-ақ, ірі отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Хабарламада атап көрсетілгендей, 2030 жылға дейінгі әлемдік экономиканың перспективалары, өңірлік энергетикалық қауіп-қатерлер, Қазақстандағы энергияның ұзақ мерзімдік дамыту және пайдалану стратегиясы, ғаламдық энергетикалық проблемаларды шешудегі инновация мен жоғарғы технологияның рөлі форумның басты тақырыптары болмақ.