Астанада 4500 номерден тұратын сандық станция пайдалануға берілді

етілді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан .

Станцияның ашылу салтанатында "Қазақтелеком" ААҚ-ның президенті Әбен Бектасов Астанадағы телефон станцияларын сандық жүйеге көшіру - соңғы жылдарда айрықша басымдық берілген мақсат болғанын атап көрсетті.
Астананың телекоммуникациялық желісіне бұған дейін 3 млрд. теңге инвестиция жұмсалса, 2005-жылға дейін оны одан әрі дамыту үшін 1,5 млрд. теңге жоспарланып отыр деді компания президенті.
Елордада жұмыс істеу әрі құрметті, әрі пайдалы екенін айтқан "Қазақтелеком" президенті қаланың қарқынды дамып келе жатқан солтүстік жағалаудағы бөлігіне ғана емес, шеткері аудандарына да назар аударылып отырғанын мәлімдеді.
1997-жылдан бері Астанадағы тұтынушылар саны 30 мыңға артқан. Қазір қала көшелерінде 493 таксофон жұмыс істейді.