Астанада 51 жастағы әйел құлаған кранның астында жаншылып өлді

Қайғылы  оқиға Есілдің сол жағалауында салынып жатқан осы  элиталық тұрғын үй кешенінде болды. Биіктен құлаған кран ортасынан  қақ бөлініпті. Қирандылары сол күйі шашылып жатыр. Оқыс жәйттен кейін құрылыс    уақытша тоқтатылған. Жалпы, құрылысы қарқын алған Елордада мұндай оқиғалар жиі болады. Жуырда жаңадан бой көтеріп жатқан «Көркем» тұрғын үй кешенінде  салмағы ауыр темір құрастырма құлап 18 жұмысшыны басып қалған еді. Жарты жылдың ішінде Астанадағы құрылыс алаңдарында 15 адам қаза тапқан.  Оның көбі облыстардан бас қалаға жұмыс іздеп келгендер. Ал,  бүгінгі   «Алтын шар» тұрғын үй кешеніндегі қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Қазір қаза тапқан әйелдің кім екені анықталып жатыр.


Ермек Оспанов, Астана қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының бастығы:

-  Краншыныңқұжаттарын көтеріп жатырмыз. «Шар құрылыспен» қай күннен бастап жұмыс істегенін, бала-шағасы бар ма соның бәрін анықтаймыз. Сосын құжаттарды ІІД жолдаймыз.