Астанада 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтеді

Ашылу салтанатына көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Ассамблея жылы қарсаңында қалада көпшілік мәдени іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлады astana.kz

Қалалық алаңдар мен мұз айдындарында бұқаралық спорт сайыстары мен халық серуені өтеді. Іс-шаралар «Алау» мұз айдыны сарайында, Есіл өзені мен Ақбұлақтағы ашық мұз айдындарында, шаңғыроллерлік трассада, қалалық және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңдарда ұйымдастырылады.

Астанада Ассамблеяның 20 жылдығына арналған этносаралық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған ірі мәдени іс-шараларды жыл бойы өткізу жоспарланған. Мерекелік этнофестивальдар, астаналық оқушылар үшін бейбітшілік және келісім дәрістері, балалар шығармашылығының сайыстары және мемлекеттік тілді меңгеру байқаулары өткізіледі.  Сонымен қатар, қала ЖОО-лары мен мектептерінде мәдени бірлестіктер күндері болады.


Биыл елорда күні «Астана бейбітшілік және келісім қаласы» ұранымен өтпек.