Шараға 60 жұмыс беруші шақырылды, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
Оған қоса Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.
Оның мақсаты – елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру.
Бос орындар жәрмеңкесі Астана ққаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.