Астанада 600-ге жуық жалғызбасты зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі

«Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жалғызбасты зейнеткерлерге, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жергілікті бюджет қаржысынан бір реттік ақшалай төлем жасалады», - делінген хабарламада.

Жалпы көлемі 1 782 000 теңгелік төлемдер 25 мамырдан кейін беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық ведомствоға қарасты мекемелерде зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.