Астанада 700 құрылысшы ереуілге шықты

Жұмыс киімімен жаппай наразылыққа шыққандар Елордада тұрғызылып жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысшылары. 88 қабатты әрі Орталық Азияда теңдесі жоқ, миллиардтап қаржы құйылған нысанды  арабтар салып жатыр. Сөйтсе, инвесторлар қазақ жұмысшыларын еңбекақыға жарытпайды екен. Жалақыны «көтереміз» деп жарты жылдан бері алдап келген. Жұмысшылар бүгін компаниясының алдына келіп табандап тұрып алғанымен, басшылары сол күйі кездесуге шыққан жоқ. Басқа амалы қалмаған наразы топ талаптары ескерілмейінше, алған бетінен қайтпақ емес.


Жұмысшы:

Айына 60 мың теңге аламыз. Кейде 70 мың теңге төлейді. Астанада өмір сүруге ол ақша жетпейді. 150-170 мың теңгеге көтеруді талап етеміз. Басшылар күнде «ертең» деп  уәдеге тойдырып келеді.