Астанада 700-ге жуық жас отбасы Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасы бойынша пәтер алады

Пәтер алуға үміткерлерді тұрғын үй комиссиясы 4 қыркүйектегі отырыста іріктеп алды. Бұл туралы бүгін Астана әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бағдарлама шеңберінде 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер бөлінді.

Пәтер алу үшін бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй басқармасына Тұрғынүйжинақбанкі берген төлем қабілеттілігін растайтын құжат тапсырады.

Бағдарламаға қатысу үшін жас отбасылардан өтініш қабылдау 2 мен 14 маусым аралығында жүргізілді.