Астанада 8 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Атап айтқанда, 1874 адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 107-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 313 адам жастар практикасына жіберілді. Тағы 1028 адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Бүгінгі таңда Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 023 жұмыс беруші 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда.