Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 34 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жергілікті бюджеттен Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.